Компания туралы

«Ставрос» — ағаштан, полиуретаннан және ағаш пастасынан әзірленген оюлы бұйым саласында 2002 жылдан бастап жұмыс атқаратын ресейлік өндіріс компаниясы. Біз 15 жыл бойы ішкі көрініс дизайны мен жиһаздың әртүрлі стилінде қолданылатын бірегей ою элементтерін жасаймыз.

Табысты жұмыс жылдары ішінде біздің компания өзін сенімді және жауапты серіктес ретінде көрсетті:

  • біз 20000 артық Клиент үшін 1,5 миллионнан артық ою элементін әзірледік;
  • РФ Орыс православие шіркеуінің ғибадатханаларына арналған 50 артық оюлы иконостас әзірлеуге қатыстық;
  • Тапсырыс берушінің суреті бойынша 15000 артық жеке сәнді элемент әзірледік.

Біздің кәсіби қызметкерлеріміз – дизайнерлер, сәулетшілер, бағдарламашылар және ағашқа ою салушылар – күн сайын бірегей сәнді ою элементтерінің топтамасын жасайды. Біз стиль беталысы мен дамуын байқаймыз, уақытпен бірге қадам басып, өз өндіріс сұрыптама мен мүмкіндіктерімізді кеңейтеміз.

Бүгінгі таңда «Ставрос» — сәнді ою бұйымдарының ірі өндірушісі деп сенімділікпен айтуға болады. Біздің компания ең күрделі және көлемі бойынша үлкен тапсырыстарды іске асырады. Ресейде сапалы өнім өндіре алады деп біз әрбір күн сайын дәлелдеп отырамыз!

Біздің өндірісіміз Санкт-Петербургте — ағашқа ою салудың тарихи орталығында орналасқан. Әрбір бұйымды біз Петербург шеберлерінің үздік дәстүрлерінде жүректегі жылы лебізбен жасаймыз!

«Ставрос-ты» таңдауға 15 себеп
Уақытпен тексерілген тарих. Табыстың 15 жылы!
Жұмыс істеу жылдары бойы біз әртүрлі мамандықтардың кәсіпқойлар командасын жинадық, ағаш ою мен өңдеуде өзіміздің ноу-хау-ымызды әзірлеп, Ресейдегі сәнді ою бұйымының нарығында көшбасшысы атағына ие болдық. Біздің тәжірибе мен шеберлігіміз – Сіздің дұрыс таңдауыңыздың кепілдігі.
Араланған материал сапасын бақылау.
Біз сенімді араланған материал жеткізушілермен жұмыс істейміз. Барлық ағаш сүрегі қолмен сұрыпталады, табиғи ақаулардың болуына және ылғалдылық нормалары бойынша ауытқуларына қарай сапа бақылаудан өтеді. Біз өндіріп дайындаған бұйымдарымыздың сапасы мен ұзаққа жарамдылығына әбден сенімдіміз.
Өндірістегі ылғалдау жүйесі
Өндіріс орын-жайларындағы жеткіліксіз ылғалдылық бұйым әзірленетін ағаш пішіндерінің кеуіп қалуына және жарылуына әкеп соқтыру мүмкін. Мерзімде орындаудың және бұйымдардың ұзаққа жарамдылығының кепілдігі үшін біздің өндірісте ағаштың 10 (+/-2)% нормативтік тұрақты қалыпты жиһаз ылғалдылығын қолдайтын автоматты ылғалдау жүйесі орнатылған. Біздің сәнді ою бұйымдарымыз әдемі ғана емес, ұзаққа да жарамды!
Бұйымдардың сапасы.
Біздің компания дайын бұйымдардың сапасын бақылау жүйесін енгізді, тегістелмеген түктің, аспап жұмысы іздерінің, кетіктердің болмауы оның стандарттары болып табылады. Сөйтіп, қандай болса да түзеу және қосымша тегістеу қажеттілігін толығымен болдырмайды – біздің бұйым толығымен лак-бояу жағуға дайын.
Жоғары технологиялы өндіріс.
Біздің өндірісіміздің білдек паркі күшті және оған кіреді: ағаш ұста жабдығы (дөңгелек аралы білдек, сүргілейтін білдек, рейсмустық, баспалау білдегі, фрезер білдегі, пішін қиятын, ажарлағыш-калибрлеуші білдек), СББ-мен көпкоординатты жону білдектері, СББ-мен жону білдектері, көлемді-ажарлағыш білдектер, ағаш пастасын (қойыртпақ) жағу жабдығы, полиуретанға арналған құю машинасы, лак-бояу жабдығы және дайын өнімді қаптау желісі. Заманауи жабдық ең кішкентай резеткілерден бастап үлкен бағаналарға дейін кез келген күрделіктегі сәнді ою бұйымын жасау мүмкіндігін береді.
Өнеркәсіптік баспалау жабдығы.
Пішіндерді желімдеу кезінде кәсіби баспалау жабдығын пайдалануымыз – бұл сәнді ағаш ою бұйымдарын жасау өндірісінің кепілдігі. Біз пайдаланатын баспалау жабдығы қысу жерінде 250 кг/см2 дейін қысым жасау мүмкіндігін береді, бұл сенімді және берік желімді жікті қамтамасыз етеді.
7/24/365 жұмыс істеу кестесімен өндіріс қуаттылығы.
Біз сәнді бұйымдарды тәулік бойы және демалыс күндерінсіз өндіреміз, бұл тапсырыстарды аса қысқа мерзімдерде орындау мүмкіндігін береді. Біз тез, сапалы түрінде жұмыс істейміз және өзіміз мойындаған міндеттемелерімізді орындаймыз.
KLEIBERIT неміс желімі.
Сапалы материалдар – бұл сәнді ою бұйымдарын өндіруде табыстың жартысы, сондықтан желімді жік беріктігінің дәрежесі маңызды болады. Біз KLEBCHEMIE M. G. Becker GmbH & Co. KG компаниясының KLEIBERIT жоғары сапалы неміс желімін ғана пайдаланамыз. Бұл ISO 9001:2000 сапа стандартының нормаларына сәйкес өндірілетін әлемдегі ең үздік желімдерінің бірі болып табылады.
Кәсіби ағашқа ою салушылармен оюды қосымша қолмен түзеу.
Клиенттерімізге бірегей қызметті – бұйымдарды қолмен кәсіби түзетуді ұсынамыз. Сіз жоғары сападағы ағаш ою бұйымын аласыз.
Бұйымдардың дизайны.
Біздің барлық сәнді бұйымдарымыздың элементтері кәсіби дизайнерлермен және мүсіншілермен әзірленген. Біздің сәнді бұйымдарымыздың элементтері Сіздің ішкі көрінісіңіз қандай стильде жасалған болса да, оның түпнұсқалығын көрсетеді.
Дайын өнім қоймасы.
Біздің компаниямыздың дайын өнім қоймасы бар, онда біз тәуліктегі 24 сағат ішінде сәнді бұйымдардың аса талап етілетін элементтерінің үлгілерін әзірлеп отырамыз, олардан кез келген композицияны жасауға болады. Дайын өнім қоймасынан тауар таңдай отырып, Сіз күтуге уақытты қалдырмай ішкі көрінісіңізді немесе оның жекеленген элементтерін тіпті ертең де безендіре аласыз.
Үздік бағалар және жеңілдіктердің икемді жүйесі.
Біз сәнді бұйымды бірегей, сапалы ғана емес, қол жетімді де болсын деп ұмтыламыз, сондықтан ең тиімді бағалар мен жеңілдіктердің икемді жүйесін ұсынамыз. «Ставрос» сәнді ою элементтері – баға мен сапаның мінсіз ара қатынасы.
Қолайлы және тез жеткізу.
Қашықтықтың маңызын болдырмау үшін Сізге таңдау бойынша жеткізудің оңтайлы шарттарын ұсынамыз. Бізбен қызметтесуден кейін бірегей және сапалы сәнді бұйым қол жетімді және әрқашан жақын болғанына көз жеткізесіз.
Сапалы қаптама.
Әртүрлі көлікпен тасымалдаған кезде сәнді бұйымдардың барлық элементтерін тұтас және зақымданбаған түрінде жеткізу үшін біздің өнім үш түрі қаптау материалдарымен қапталады.
Клиентке бейімделу. риза болған 20 000 Клиент.
Біз сіз үшін жұмыс істейміз! Сәнді ою бұйымдарын өндіру – бұл сала қызметін біз рақаттанып атқарамыз және оның барлық ерекшеліктерін білеміз. Біздің компаниямыздың негізгі қағидасы – жұмысты жақсы орындау және әрбір Клиентпен дара тіл табу.
Перейти
к избранным